23 қыркүйекте мәслихат төрағасы Қ.Балмағамбетов қалалық мәслихаттың кезекті 28-сессиясын өткізді. Сессияның күн тәртібіне сәйкес Сәтбаев қаласының әкімі М.Бөрібаев өзіне жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуы туралы есеп берді. Өз есебін әкім өзекті мәселелердің бірі - көлік инфрақұрылымын жөнге келтіруден бастап, қаланы дамыту бағытында атқарылған жұмыстар мен келешек жоспарлар туралы баяндады. Депутаттар сонымен қатар қалалық мәслихаттың әлеуметтік сала, құқықтық тәртіп және халықты әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының атқарған жұмыстары туралы есебін тыңдады.
Сессия барысында бірқатар маңызды мәселелер қаралып, олар бойынша тиісті шешімдер қабылданды:
* Сәтбаев қалалық мәслихатының 2024 жылғы 25 желтоқсандағы №166 «2025–2027 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
* «Сәтбаев қалалық мәслихатының депутаттарын сайлау жөніндегі округтік сайлау комиссияларының жаңа құрамын сайлау туралы» 2023 жылғы 17 қаңтардағы №257 шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
* «Учаскелік сайлау комиссияларының жаңа құрамын сайлау туралы» 2023 жылғы 26 желтоқсандағы №87 шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
Сессия жұмысына қала әкімінің орынбасарлары, мемлекеттік мекемелердің басшылары қатысты.
Сессия барысы Facebook әлеуметтік желісі арқылы тікелей эфирде көрсетілді.