Бүгін қала әкімдігінде Ш.С.Жанғаскинованың төрағалығымен өткен тұрақты комиссия отырысында депутаттар 2025 жылғы І тоқсан кезеңіне арналған қалалық бюджеттің атқарылуы туралы Ұлытау облысы бойынша Тексеру комиссиясының есебін қарады. Есеп бойынша баяндаманы «Сәтбаев қаласының экономика және қаржы бөлімі» ММ басшысы А.М.Қожахметов ұсынды. Депутаттар игерілмеу орын алған бағдарламалар әкімшілеріне сұрақтар қойып, себептері мен орындалуы жайында мәліметтерін тыңдады. Отырыс жұмысына Сәтбаев қаласының әкімінің м.а. Сыздыманов А.С. қатысты.