Қалалық мәслихат депутаттары өздерінің сайлау округтері бойынша білім беру нысандарының 2025–2026 жылдардағы жылыту маусымына дайындық барысын бақылауда.
Аралау барысында нысандардағы жөндеу жұмыстарының сапасы, жылу жүйелерінің жай-күйі, қауіпсіздік талаптарының сақталуы және тиісті техникалық құжаттамалардың жүргізілуі назарға алынды. Депутаттар дайындық деңгейін бағалап, анықталған кемшіліктер бойынша тиісті ұсыныстар мен ескертпелер берді.