Жұмыс жоспарына сәйкес 4 шілдеде мәслихат төрағасы Қ.Балмағамбетов, депутат Ә.Мулақов және қоғамдық кеңес мүшесі А.Скальский Сәтбаев жылу, сумен жабдықтау кәсіпорынының ауқымды жобалар іске асырылып жатқан нысандарына бақылау жүргізді.

Жұмыс жоспарына сәйкес 4 шілдеде мәслихат төрағасы Қ.Балмағамбетов, депутат Ә.Мулақов және қоғамдық кеңес мүшесі А.Скальский Сәтбаев жылу, сумен жабдықтау кәсіпорынының ауқымды жобалар іске асырылып жатқан нысандарына бақылау жүргізді.

Қаламызда  тұрғындарды жылумен қамтамасыз етуді жақсарту және жылу мен судың шығындарын болдырмау мақсатында су құбырларын жаңарту жұмысы қолға алынған. Осы шаралар аясында 8 шақырымды құрайтын №1 магистральдық жылу желісін диаметрі 630 мм полиуретанды көбікпен оқшауланған құбырларға ауыстыру жоспарланған. Биылғы жылы «Сарыағаш-аман» ЖШС облыстық бюджеттен бөлінген 801,067 млн.теңгеге көлемі 1 шақырым болатын құбырды қайта жаңартады. Қазіргі таңда бұл жұмыстар Мәңгілік ел көшесінің бойында жүргізілуде. Жұмыс сапасы мамандандырылған лаборатория қызметкерлерінің жіті қадағалауына алынған. 

Инвестициялық бағдарлама аясында мекеменің өз қаражаты есебінен 1,110 шақырым № 4 магистральдық жылу желісінің учаскесін ауыстыру жұмыстары жүргізілуде. Бүгінгі күні Абай көшесінің бойындағы 0,580 шақырым құбыр ауыстырылды.

Барлық жұмыстар техникалық регламенттерге сай атқарылып жатқандығы анықталды. Депутаттар тарапынан құбырлар ауыстырылғаннан  кейін жұмыс жүргізілген аумақты қалпына келтіріп, абаттандару туралы ескертулер айтылды.

СЖСЖ кәсіпорнының ұзақмерзімді жобаларының бірі - Есқұла су құбырының су жинау құрылғыларын модернизациялау - биылғы жылдың 31 шілдесіне дейін аяқталуы тиіс.   "CK Megaron" ЖШС мердігер ұйым өкілінің баяндауынша, жұмыс барысында туындаған  кейбір қосымша жұмыстарға байланысты кестеден артта қалушылық бар. Мәселен, трансформаторға қосымша кондиционерлеу жүйесін орнату, хлоратор қондырғысын іске қосу проблемалары бар. Қолданыстағы III көтеру сорғы станциясын қайта жаңарту, су құбырларын қайта жалғау, қолданыстағы резервуарларды іске қосу (көлемі 5000м3) бойынша жұмыстар аяқталған жоқ.