28 мамырда қала әкімдігінде мәслихат төрағасы Қ.Балмағамбетовтың басшылығымен тұрақты комиссиялардың кеңейтілген отырысы және қалалық мәслихаттың кезекті 26-сессиясы өтті. Депутаттар күн тәртібіне сәйкес 8 мәселе қарады. Отырыста алдымен аумақтық сайлау комиссиясының ұсынысы бойынша тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктен тысқары кетуіне байланысты өз өтініштері негізінде қалалық мәслихат депутаттары А.Қошановтың және Ә.Жанжігітованың өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату туралы шешім қабылданды.
Күн тәртібінің «2024 жылғы қалалық бюджеттің атқарылуы туралы» мәселесі бойынша Сәтбаев қаласы әкімінің орынбасары Е.Ормановтың есебі, Ұлытау облысы бойынша Тексеру комиссиясының мүшесі Е.Ибикеновтың және депутат С.Жакупованың қорытындылары тыңдалды.
«Ұлытау облысының қалалары мен елді мекендерінің аумақтарын абаттандырудың қағидаларының Сәтбаев қаласында орындалу барысы туралы» мәселе бойынша депутаттар алдында қала әкімінің орынбасары Е.Орманов есеп берді. Сессияда сонымен қатар депутаттар қала әкімдігі жанындағы ведомствоаралық комиссиялардың құрамына өзгерістер енгізу туралы шешім жобаларын мақұлдады.
Сессия отырысына Ұлытау облыстық мәслихатының төрағасы Б.Шыңғысов, қала әкімі М.Бөрібаев, мемлекеттік мекемелер мен ұйымдар басшылары қатысты.Отырыс FACEBOOK әлеуметтік желісі арқылы тікелей эфирде өтті.