Қалалық мәслихат депутаттары ағымдағы жол жөндеу жұмыстарының барысымен танысына бақылау жүргізді

Қалалық мәслихат депутаттары ағымдағы жол жөндеу жұмыстарының барысымен танысына бақылау жүргізді

23 мамырда қалалық мәслихат депутаттары ағымдағы жол жөндеу жұмыстарының барысымен танысып, мердігер ұйым өкілдерімен кездесті. Тексеру барысында жолдардың сапасы, жұмыс кестесі және пайдаланылып жатқан материалдардың талаптарға сәйкестігі басты назарда болды. Бақылау шарасына қала әкімінің орынбасары А.Сыздыманов пен жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Т.Жамауов қатысты. Олар атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде мәлімет берді.

Қазіргі уақытта шұңқырларды жамау жұмыстарын «A TRIO» компаниясы жүргізіп жатыр. Жоспарланған жұмыс көлемі — 20 000 м2. Мердігер мекеме өкілдері жұмыстардың белгіленген мерзімде және сапалы аяқталуына кепілдік берді. Ал депутаттар жол жөндеу процесін ұдайы бақылауда ұстап, тұрғындардың қауіпсіздігі мен қолайлылығы үшін нақты шаралар қабылдайтын болады.