Аудандық мәслихатта өткен кездесу

Аудандық мәслихатта өткен кездесу

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес мәслихаттың құзыретіне белгіленген бірқатар өкiлеттiктердi жүзеге асыру жатады.

Ағымдағы жылы 16 мамырда Сарысу аудандық мәслихатының төрағасы Шаттық Мұсабеков Жаңатас қаласының әкімі Ілияс Домалақов пен Жаңатас қаласы әкімінің орынбасары Мұхамедқали Бегеевпен кездесу өткізді.

Кездесу барысында мәслихат төрағасы қазіргі таңда Жаңатас қаласын әлеуметтік-экономикалық дамыту жолында, көркейту бағытында біраз жұмыстардың атқарылып жатқанын атап өтті. Сонымен қатар, мәслихат төрағасы қаланың басшысы мен орынбасарына бюджеттік жобаларға сәйкес ағымдағы жылы қала аумағында іске асырылып, атқарылатын жұмыстардың, оның ішінде саябақтарды, көпқабатты тұрғын үйлердің алдын абаттандыру, балалар ойын алаңшаларын орнату, шағын аудандардағы көпқабатты тұрғын үйлерді әрлеу жұмыстары басқа да мердігерлердің тарапынан атқарылатын шаралардың сапасы мен кепілдеме мерзімін бақылауға алып, мемлекеттік сатып алу рәсімдерін мерзімінде жүргізілуін қадағалау қажеттігін айтты.

Сонымен бірге, мәслихат төрағасы Шаттық Мұсабеков қала әкімі Ілияс Домалақовқа жаз мезгілінде қала көшелерін, тротуарларды, алаңдарды және басқа да жол және инфрақұрылымдық нысандарды суаруға арналған және қысқы маусымда инертті заттармен жабынды себу құралы ретінде де, қар, жолдарды тазалау жұмысын да атқаратын көп функциялы арнайы коммуналдық көлік сатып алуға қажетті қаржыны жоспарлауды ұсынып, бұл мәселе бойынша аудандық мәслихат депутаттары тарапынан аудан, оның ішінде қаланың бюджетін нақтылау, бекіту барысында мүмкіндігінше қолдау көрсетіліп, қарастырылатындығын атап өтті.

Сондай-ақ, қауіпсіздік және құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету мақсатында көшелер мен қоғамдық орындарда бейнебақылау камераларын орнату, бейне тіркегіш құралдарымен қамтамасыз ету, аудандық орталық ауруханың аумағындағы жолдарды жөндеу, қала ішінде қараусыз жүрген мал иелерін тиісті заңнама аясында жауапқа тарту бойынша жұмысты жандандырып, қаладағы көрнекі ақпарат құралдарын талапқа сай орнатылуын, оның ішінде мәтінінің мазмұнына көңіл аударуды, қаланың санитарлық тазалығын сақтау жөнінде тұрғындар мен түсіндіру жұмыстарын жүргізу, шаһардың кескін-келбетін көркейту бағытында жоспарланған шараларды жіті қадағалау жөнінде ұсыныстар айтылды.

Кездесуде қала әкімі мен орынбасары көтерілген мәселелер, ұсыныстар бақылауға алынатынын және шешу жолдары қарастырылатынын жеткізді.