Шахматтан облыстық турнир өтті

Шахматтан облыстық турнир өтті

Өткен аптада Тараз қаласында «Senat Open» ҚР Парламенті Сенатының шахматтан ІІ ашық кубогына облыстық турнир өтті.

Аталған шараға Жамбыл облыстық, Тараз қалалық және аудандық мәслихат депутаттары, мәслихат аппаратының қызметкерлері, қоғамдық кеңестің мүшелері, мемлекеттік қызметшілер, БАҚ өкілдері қатысты.

Ауданнан мәслихат аппаратының басшысы Бақыт Жұмағұлов, аудандық мәслихат депутаты Ғабит Искенов, ардагер журналист Темірлан Әбілдаев, аудандық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Диханбай Ақділда, аудан әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы Ерлан Дүйсенбин белсене қатысты.

Жарыста журналистер командасы арасында ардагер журналист Темірлан Әбілдаев жүлделі ІІІ-орынға ие болып, арнайы медальмен және дипломмен марапатталды.