
1 қазанҚарттар күні, мейірім мен ізгілік мерекесі
Ел мүддесін бәрінен биік қоятын, бір қауымға бас-көз бола білген қарияларымыздың орны ерекше. Қарттар күні - еліміздің өркендеуі мен дамуы үшін қажырлы еңбек еткен аға-апаларымыздың төл мерекесі.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев аға буын мен қарттарға ерекше құрмет көрсетуді жалпыұлттық құндылықтардың бірі ретінде әрдайым атап өтеді. Қариясы бар ел - қазыналы ел. Қария деген сөз елдің басы болу, ақылын айтар дана болу. Қарттарымыз - әр шаңырақтың тірегі, қиын-қыстау заманда ел үшін аянбай еңбек етті.
Ардақты ардагерлердің жүріп өткен жолы - өнеге мен тағылым мектебі, ерен еңбектері ұрпақ үшін үлгі-өнеге. Қарт кісіні құт-береке деп тану, ол - ұрпақтың көрегендігі. Қарияларымыз әрқашанда құрметке лайық, әрбірінің еліміздің өсіп-өркендеуіне қосқан еңбектері зор, өмірлері шуақты болып, күш-қуаттары сарқылмасын. Еліміз тыныш, халқымыз аман болсын.