
Аудандық мәслихат депутаттары зерделеу жұмыстарын Түркістан, Жаңарық ауылдық округтерінде жалғастырды.
Түркістан ауылдық округінің әкімі Дүйсенәлі Борсықов мәслихат депутаттарына ауылдық округте атқарылған шаралар, сонымен қатар атқарылып жатқан және ағымдағы жылы жоспарланған жұмыстарды баяндады.
Сондай-ақ, зерделеу барысында жаңадан салынған мал тоғыту арнайы орнының, жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан балабақша ғимаратының, өрт қауіпсіздігін күшейту мақсатында қолданысқа берілген өрт сөндіру бекетінің жағдайымен таныстырды. Жаңадан ашылған бекет заманауи талаптарға сай жабдықталған. Өрт сөндіру көлігімен және өзге де құрал-жабдықтармен қамтылған. Өрт сөндіру бекеті ауыл тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, төтенше жағдайларға жедел әрекету тиімділігін арттыруға, өрттен қорғауға бағытталған маңызды нысан. Жаңадан бой көтерген ғимарат өрт сөндірушілердің кәсіби қызметін тиімді әрі қауіпсіз атқаруына зор ықпал ететіндігіне сенім білдіреміз.
Жаңарық ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы Р.Исаев ауылдық округте атқарылған шаралар, сонымен қатар атқарылып жатқан және ағымдағы жылы жоспарланған жұмыстарды баяндап, бірқатар нысандардың жағдайымен таныстырды.