Зерделеу жұмыстары жүргізілді

Зерделеу жұмыстары жүргізілді

    Сарысу аудандық мәслихатының перспективалық жоспарындағы қаралған мәселелерге сәйкес аудандық мәслихат төрағасы Шаттық Мұсабеков, аудандық мәслихат депутаттары және аудандық мәслихат аппаратының басшысы мен мәслихат аппаратының жауапты мамандары Жаңатас қаласының әкімдігі мен аудан әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөліміне зерделеу жұмыстарын жүргізді.

   Жаңатас қаласы әкімінің міндетін атқарушы Талғат Төлебаев, аудан әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Дәурен Шалбаев мәслихат депутаттарын атқарылған  және жоспарланған жұмыстар мен таныстырды.

   Мәслихат төрағасы Шаттық Мұсабеков пен мәслихат депутаттары қала әкімінің міндетін атқарушыға бюджеттік жобаларға сәйкес ағымдағы жылы шаһар аумағында алдағы уақытта іске асырылатын жұмыстардың, оның ішінде саябақтарды абаттандырып, балалар ойын алаңшаларын орнату басқа да мердігерлердің тарапынан атқарылатын шаралардың сапасы мен кепілдеме мерзімін бақылауға алып қажеттігін айтты. Сондай-ақ, қала ішінде қараусыз жүрген мал иелерін тиісті заңнама аясында жауапқа тарту бойынша жұмысты жандандырып, қаланың санитарлық тазалығын сақтау жөнінде тұрғындар мен түсіндіру жұмыстарын жүргізу, қаланың кескін-келбетін көркейту бағытында жоспарланған шараларды жіті қадағалау жөнінде ұсыныстар айтылды. Сонымен бірге, «109 қызметі» бірыңғай байланыс орталығының қызметін тұрғындар үшін барынша қолжетімді болуын қамтамасыз ету бойынша тиісті шараларды жандандыру, басқа да бірқатар мәселелер көтерілді.