Сарысу аудандық мәслихатының кезектен тыс сессиясы өтті

Сарысу аудандық мәслихатының кезектен тыс сессиясы өтті

Ағымдағы жылы 25 маусым күні Сегізінші шақырылған Сарысу аудандық мәслихатының кезектен тыс 59-шы сессиясы өтті.

Сессия жұмысына Сарысу аудандық мәслихатының төрағасы Шаттық Мұсабеков, аудандық мәслихат депутаттары, Сарысу ауданының әкімі Сәкен Мамытов, Жаңатас қаласының әкімі мен ауылдық округ әкімдері, аудан әкімдігінің бөлімдері және тиісті мекеме, кәсіпорын басшылары қатысты.

Сарысу аудандық мәслихатының төрағасы Шаттық Мұсабековтың төрағалығымен өткен аудандық мәслихаттың кезектен тыс сессиясында: «Сарысу аудандық аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы» Сегізінші шақырылған Сарысу аудандық мәслихатының 2023 жылғы 27 желтоқсандағы №16-2 шешіміне өзгерістер енгізу туралы; Сарысу ауданы әкімдігі жанындағы құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссия құрамын бекіту туралы және «Сарысу аудандық жер комиссиясының құрамын бекіту туралы» Сарысу аудандық мәслихатының 2026 жылғы 13 сәуірдегі №57-4 шешіміне өзгерістер енгізу туралы мәселелер қаралды.

Күн тәртібіндегі мәселелер бірлескен тұрақты комиссиялар және сессия отырысында тыңдалып, тиісті шешіммен қабылданды.

 

Сарысу аудандық мәслихат аппараты