САРЫСУ АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ ХАБАРЛАМАСЫ КОМИССИЯЛАР ҚҰРАМЫ ЖАСАҚТАЛАДЫ

САРЫСУ АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ ХАБАРЛАМАСЫ КОМИССИЯЛАР ҚҰРАМЫ  ЖАСАҚТАЛАДЫ

Сарысу аудандық мәслихатының 2023 жылғы 27 желтоқсандағы «Аумақтық жане учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы» №16-2 шешімімен бекітілген учаскелік сайлау комиссияларының мүшелері себепті жағдайлармен комиссия құрамдарынан Сарысу аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2026 жылғы 29 сәуірдегі №10 шешімімен шығарылуына, Сарысу ауданы Жаңатас қаласының аумағында №527 (бес жүз жиырма жеті) сайлау учаскесінің құрылуына байланысты және сайлау учаскелерінің учаскелік сайлау комиссияларының сандық құрамын айқындау туралы 2026 жылғы 1 маусымдағы №6 қаулысына сәйкес бос орындарға комиссия құрамдарына жасақтау шаралары басталғанын хабарлаймыз.

        Осыған байланысты учаскелік сайлау комиссияларындағы бос орындар тізбесін ұсынамыз:

  • №368 учаскелік сайлау комиссиясы – 1 орын;
  • №376 учаскелік сайлау комиссиясы – 1 орын;
  • №377 учаскелік сайлау комиссиясы – 1 орын;
  • №384 учаскелік сайлау комиссиясы – 1 орын;
  • №366 учаскелік сайлау комиссиясы – 2 орын;
  • №527 учаскелік сайлау комиссиясы – 7 орын;

    Саяси партиялар, өзге де қоғамдық бірлестіктер, олардың құрылымдық бөлімшелері, жоғарыда тұрған сайлау комиссиялары 2026 жылдың 2 маусымнан 16 маусымға (15 күнтізбелік күн) аралығында аудандық мәслихатқа мынадай құжаттарды тапсырады:

1) Тиісті сайлау комиссияларының құрамына кандидаттар ұсыну туралы саяси партия органының, өзге де қоғамдық бірлестіктің, олардың құрылымдық бөлімшелерінің отырысы хаттамасынан үзінді көшірме, жоғары тұрған сайлау комиссиясының шешімінен үзінді көшірме;

2) Саяси партияның, өзге қоғамдық бірлестіктің, олардың құрылымдық бөлімшелерінің әділет органдарында тіркелгендігі туралы құжаттың көшірмесі;

3) Кандидаттың сайлау жұмысына қатысуға келісімі туралы белгіленген нысандағы өтініш (өтініштің нысанын аудандық мәслихаттан немесе аудандық сайлау комиссиясынан алуға болады);

4) Сайлау комиссияларының құрамына кандидаттар туралы бағдарламалық қамтамасыз ету арқылы электрондық және қағаз форматта жасалған белгіленген нысандағы мәліметтер.

Әрбір саяси партия тиісті сайлау комиссиясының құрамына бір кандидатура ұсынуға құқылы.

 Саяси партия сайлау комиссиясының құрамына осы саяси партияның мүшесі болып табылмайтын кандидатура ұсынуға құқылы.

Саяси партиялардың ұсыныстары болмаған жағдайда, мәслихаттар сайлау комиссиясын өзге қоғамдық бірлестіктердің және жоғары тұрған сайлау комиссияларының ұсынысы бойынша сайлайды. Сайлау комиссиясының құрамына ұсынушы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының талаптарына сәйкес келуге тиіс.

Сайлау комиссиясының мүшесі  осы  комиссияның құрамын қалыптастырған мәслихат орналасқан әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында тұруға тиіс.

Аудандық мәслихатқа ұсынылатын қағаз форматтағы барлық құжаттарға қол қойылған, мөрмен расталған болуға және орындалған күнін, орындаушы туралы, оның аты-жөні мен телефон номері көрсетілген белгіні қамтуға тиіс.

Учаскелік сайлау комиссияларының құрамы жөніндегі ұсыныстарды қабылдау 2026 жылдың              16 маусымына дейін, дүйсенбі-жұма күндері сағат 09:00-18:30 дейін жүзеге асырылады, түскі үзіліс 13:00-14:30 аралығы.

Байланыс телефондары 8 (726-34) 6-20-25, 6-26-80, 6-33-90 факс