
Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні - еліміз үшін айрықша маңызға ие. Халқымыз қуғын-сүргін кесірінен жазықсыз жапа шеккен қайраткерлердің есімдерін еске алу, олардың рухына құрмет көрсетуді әр уақытта да есінен шығарған емес. Ауыр кезеңде Қазақстан ондаған этнос үшін туған мекеніндей болды. Қазақ халқы, өздері қуғын-сүргінге ұшырап отырғанына қарамастан тағдырдың тәлкегіне түскен барша ұлыстарға қамқорлық көрсетті. Олардың қатарында көптеген түрлі ұлт өкілдері болды. Елімізге қоныстанған сол этностар өкілдерінің барлығы бүгінде біздің отандастарымызға айналды.
Сарысу аудандық мәслихатының төрағасы Шаттық Мұсабеков Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай, Жаңатас қаласындағы Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарына арналған ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсіміне қатысты. Құрбан болғандардың құрметіне бір минуттық үнсіздікпен еске алудан кейін, ескерткішке гүл шоқтары қойылды.
Саяси қуғын-сүргінге ұшырап, құрбан болған азаматтар тарихта өшпес із қалдырды. Қазақ үшін қайғы-қасіретті, тарих бетінде өз таңбасы қалған бұл жылдарды еш ұрпақ ұмытпақ емес. Өткенге салауат айтып, саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын жадымызда сақтау - біздің қасиетті борышымыз. Сол замандағы қиын кезеңдербіздің бірлігімізді одан әрі бекемдеп, мәңгілікке сақталатын болады.