
Сарысу ауданының мемлекеттік архиві мекемесінде «Құжаттама жасау, құжаттаманы басқару және электронды құжат айналымы жүйелерін пайдалану» тақырыбында семинар өтті.
Семинарға аудандағы мекемелердегі ведомстволық архивтеріне жауапты мамандары, Сарысу аудандық мәслихатынан ұйымдастыру-құқықтық және кадр бөлімшесінің бас маманы А.Утебаева қатысты.
Жиынды Сарысу ауданының мемлекеттік архивінің директоры Айгүл Укижанова жүргізіп отырды.
Архив директоры Айгүл Укижанова және маманы Мереке Абилова Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2023 жылғы 25 тамыздағы «Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттама жасау, құжаттаманы басқару және пайдалану қағидаларын бекіту туралы» №236 бұйрығының талаптары туралы және тиісті мәселелер жөнінде кеңінен түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, басқа да мамандары әдістемелік көмек көрсетті.
Жиынға қатысушылар өздерін толғандырған мәселелер бойынша сауалдарын қойып, оларға архив директоры мен мамандарының тарапынан жауаптар алды.