Ауылдық округтерде зерделеу жұмыстары жүргізілді

Ауылдық округтерде зерделеу жұмыстары жүргізілді

Сарысу аудандық мәслихатының перспективалық жоспарындағы қаралған мәселелерге сәйкес аудандық мәслихат төрағасы Шаттық Мұсабеков, аудандық мәслихат депутаттары және аудандық мәслихат аппаратының басшысы мен мәслихат аппаратының жауапты мамандары Жайылма және Игілік ауылдық округтеріне зерделеу жұмыстарын жүргізді.

Жайылма ауылдық округінің әкімі мәслихат депутаттарына ауылдық округте өткен жылы атқарылған шаралар, сонымен қатар атқарылып жатқан және ағымдағы жылы жоспарланған жұмыстарды баяндады. Сондай-ақ, мектепке дейінгі мекемелер: шағын орталық, балабақшаның жағдайымен, Жайылма ауылын ауыз сумен қамтамасыз ету бойынша жүргізіліп жатқан шаралармен таныстырды.

Игілік ауылдық округінің әкімі де ауылдық округте атқарылған шаралар және ағымдағы жылы жоспарланған жұмыстарды баяндады.