Сарысу аудандық мәслихатының кезектен тыс сессиясы өтті

Сарысу аудандық мәслихатының кезектен тыс сессиясы өтті

Ағымдағы жылдың 13 наурыз күні Сегізінші шақырылған Сарысу аудандық мәслихатының кезектен тыс 55-ші сессиясы өтті.

Сессия жұмысына Сарысу ауданы әкімінің орынбасары Нұрлан Молдабеков, Жаңатас қаласының әкімі мен ауылдық округ әкімдері, аудан әкімдігінің бөлімдері және тиісті мекеме, кәсіпорын басшылары қатысты.

Сарысу аудандық мәслихаты төрағасының міндетін атқарушы Оңласын Мұқашовтың төрағалығымен өткен аудандық мәслихаттың кезектен тыс сессияның күн тәртібінде: Сарысу аудандық мәслихатының 2025 жылғы 22 желтоқсандағы «Сарысу ауданының 2026-2030 жылдарға арналған даму жоспарын бекіту туралы» №48-3 шешіміне толықтырулар енгізу туралы; Сарысу ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін айқындау туралы мәселелер қаралды.

Күн тәртібіндегі мәселелер бірлескен тұрақты комиссиялар және сессия отырысында тыңдалды. Аудандық мәслихат төрағасының міндетін атқарушы мен депутаттардың тарапынан сауалдар қойылды.

Көтерілген мәселелер бойынша аудан әкімінің орынбасары түсіндіріп, баяндамашы және мекемелер тарапынан жауаптары берілді.