
Ағымдағы жылдың 24 ақпан күні Сегізінші шақырылған Сарысу аудандық мәслихатының кезектен тыс 54-ші сессиясы өтті.
Сарысу аудандық мәслихатының төрағасы Шаттық Мұсабековтың төрағалығымен өткен аудандық мәслихаттың кезектен тыс сессияның күн тәртібінде: Сарысу аудандық мәслихатының 2025 жылғы 26 желтоқсандағы «2026-2028 жылдарға арналған Сарысу ауданының қала және ауылдық округтерінің бюджеттері туралы» № 49-2 шешіміне өзгерістер енгізу туралы мәселе қаралды.
Сессия жұмысына Сарысу ауданы әкімінің орынбасары Жанғозы Жаркенов, Жаңатас қаласының әкімі мен ауылдық округ әкімдері, аудан әкімдігінің бөлімдері және тиісті мекеме, кәсіпорын басшылары қатысты.
Күн тәртібіндегі мәселе бірлескен тұрақты комиссиялар және сессия отырысында тыңдалып, тиісті шешіммен қабылданды.