Мәслихат депутаттары Жаңатас қаласында қатты желден зардап шеккен нысандарды аралады

Мәслихат депутаттары Жаңатас қаласында қатты желден зардап шеккен нысандарды аралады

Сарысу аудандық мәслихатының депутаттары Жаңатас қаласында қатты желден залал келген көпқабатты тұрғын үйлерді аралап көріп, ахуалмен танысты.

Нысандарды аралау барысында қалпына келтіру шараларын жүргізіп жатқан мердігерлермен кездесіп, атқарылатын жұмыстардың сапасын тұрақты бақылауда ұстау қажеттігін атап өтті.