Сарысу аудандық мәслихатының кезектен тыс сессиясы өтті

Сарысу аудандық мәслихатының кезектен тыс сессиясы өтті

        2026 жылдың 23 қаңтар күні Сегізінші шақырылған Сарысу аудандық мәслихатының кезектен тыс 51-ші сессиясы өтті.

         Сарысу аудандық мәслихатының төрағасы Шаттық Мұсабековтың төрағалығымен өткен аудандық мәслихаттың кезектен тыс сессияның күн тәртібінде: Сарысу аудандық мәслихатының 2025 жылғы 22 желтоқсандағы  «2026-2028 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» №48-2 шешіміне өзгерістер енгізу туралы мәселе қаралды.

         Сессия жұмысына Сарысу ауданының әкімі Сәкен Мамытов, аудан әкімінің орынбасары,  Жаңатас қаласы әкімінің орынбасары мен ауылдық округ әкімдері, аудан әкімдігінің бөлімдері және тиісті мекеме, кәсіпорын басшылары қатысты.

         Күн тәртібіндегі мәселе бірлескен тұрақты комиссиялар және сессия отырысында тыңдалып, тиісті шешіммен қабылданды.