
2025 жылдың 22 желтоқсан күні Сегізінші шақырылған Сарысу аудандық мәслихатының кезектен тыс 48-ші сессиясы өтті.
Сарысу аудандық мәслихатының төрағасы Шаттық Мұсабековтың төрағалығымен өткен аудандық мәслихаттың кезектен тыс сессияның күн тәртібінде: «2026-2028 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы», «Сарысу ауданының 2026-2030 жылдарға арналған даму жоспарын бекіту туралы» мәселелер қаралды.
Сессия жұмысына Сарысу ауданы әкімінің орынбасары Жаңғозы Жаркенов, Жаңатас қаласының әкімі мен ауылдық округ әкімдері, аудан әкімдігінің бөлімдері және тиісті мекеме, кәсіпорын басшылары, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері қатысты.
Күн тәртібіндегі мәселелер бірлескен тұрақты комиссиялар және сессия отырысында тыңдалды.
Аудандық мәслихат төрағасы мен депутаттардың тарапынан сауалдар қойылды.
Бірінші мәселеге сәйкес ауылдық округтердің негізгі бағыттарына қарастырылған кейбір қаржылары бойынша қосымша негіздеме, тиісті құжаттардың толықтырылып ұсынылу қажеттігі, сонымен қатар басқада бірқатар мәселелер көтерілді.
Көтерілген мәселелер бойынша аудан әкімінің орынбасары түсіндіріп, баяндамашыға тиісті жұмыстарды жүргізуді тапсырды. Сонымен бірге баяндамашы және мекемелер тарапынан жауаптары берілді.