
Тәуелсіздік - ең қастерлі ұғым, қоғамдағы басты құндылық, егемендігімізді айғақтайтын еліміздегі ең басты күн.
1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы көпұлтты халықтың тәуелсіздігі мен бірлігінің нышаны, ел тәуелсіздігі жолындағы негізгі қадамдардың бірі.
Тәуелсіздік күніне орай, Жаңатас қаласындағы «Еңбек ерлері» аллеясында гүл шоқтарын қою рәсімі өтті. Шараға Желтоқсан оқиғасының ардагерлері және мекеме, кәсіпорындар қатысты. Жиналғандар азаттық жолында құрбан болған азаматтарды бір минут үнсіздікпен еске алды. Ескерткішке гүл шоқтарын қойып, құрмет көрсетті.
Бұл еске алу рәсімі халқымыздың тарихына құрмет көрсетіп, ел бірлігін нығайтуға арналған рухани шаралардың маңызды бір бөлігіне айналды.
Желтоқсан оқиғасы еліміздің еркіндікке ұмтылған ұлы қадамының айғағы ретінде халық жадында мәңгі сақталады. Әділдік пен азаттық үшін күрескен азаматтарымыздың ерен ерлігі мен есімдері ешқашан ұмытылмас.