
Бүгінгі күні Қазынашылық – бюджет жүйесінің қаржылық органы ретінде мемлекеттік қаржыны тиімді басқару бағытында қарқынды қызмет жасауда.
Ауданымыздың қазынашылық қызметкерлері қаржы саясатын жүзеге асырып, мемлекеттік бюджеттің орындалуына, қазынашылық жүйесінің жетіліп, жаңаруына, мемлекеттік мекемелердегі қаржылық іс-әрекеттердің мерзімінде жүргізілуіне өз үлестерін қосып, жемісті жұмыс атқаруда.
Қазақстан Республикасының қаржы саласы жұмыскерлерінің кәсіби мерекесіне орай, Сарысу аудандық мәслихатының төрағасы Шаттық Мұсабеков Сарысу аудандық Қазынашылық басқармасының бас маман – бас қазынашысы Домалақова Әсел Әлімбайқызын кәсіби мерекемен құттықтап, Сарысу ауданының Құрмет грамотасымен марапаттады.
Қаржыгерлер еліміздің қаржы саясатын іске асыруда аянбай қызмет етіп келеді, ең негізгі міндеттерінің бірі - мемлекеттің қаржысын дер кезінде тиімді жоспарлап, мақсатты пайдаланып, игеріп, ел экономикасының дамуына жұмыс атқару.