Спорт қай заманда болмасын, адам өмірінің маңызды бөлігі болып саналып, адамның денсаулығы мен рухының мықты болуына септігін тигізіп келеді. Салауатты өмір салты денсаулық сақтау саласы мен күнделікті өмірдің негізгі бір бөлшегі.
Бұқаралық спортты дамыту, дене шынықтыру және спортпен тұрақты айналысу - мемлекетіміздің стратегиялық даму жоспарының басым бағыттарының бірі.
Өткен аптада Байзақ ауданында Жамбыл облысының мәслихат депутаттары мен мәслихат аппараты қызметкерлері арасында облыстық спартакиада өтті.
Аталған шараға Жамбыл облыстық, Тараз қалалық және аудандық мәслихаттардың, оның ішінде Сарысу аудандық мәслихатының құрама командалары белсене қатысты. Спартакиада волейбол, үстел теннисі және арқан тарту спорт түрлері бойынша өтті.