Зерделеу жұмыстары жалғасты

Зерделеу жұмыстары жалғасты

Сарысу аудандық мәслихатының перспективалық жоспарындағы қаралған мәселелерге сәйкес аудандық мәслихат төрағасы Шаттық Мұсабеков, аудандық мәслихат депутаттары және мәслихат аппаратының жауапты мамандары зерделеу жұмыстарын Жаңатас қаласында жалғастырды.

Жаңатас қаласының әкімі Ілияс Домалақов, аудан әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің сектор меңгерушісі Мұхамедәлі Кеңесов мәслихат депутаттарын жыл басынан бері атқарылған  жұмыстар, сонымен қатар қаладағы құрылыс жобаларын іске асыру бойынша ағымдағы жылы жоспарланған жұмыстар мен таныстырды.

Мәслихат төрағасы Шаттық Мұсабеков пен мәслихат депутаттары қаланың басшысына бюджеттік жобаларға сәйкес ағымдағы жылы шаһар аумағында алдағы уақытта іске асырылатын жұмыстардың, оның ішінде қауіпсіздік және құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету мақсатында көшелер мен қоғамдық орындарда бейнебақылау камераларын орнату, бейне тіркегіш құралдарымен қамтамасыз ету, өзендерді тазалау, көшелердің түнгі жарықтандыруы, жол белгілерін орнату, саябақтарды абаттандырып, балалар ойын алаңшаларын орнату басқа да мердігерлердің тарапынан атқарылатын шаралардың сапасы мен кепілдеме мерзімін бақылауға алып қажеттігін айтты. Сондай-ақ, қала ішінде қараусыз жүрген мал иелерін тиісті заңнама аясында жауапқа тарту бойынша жұмысты жандандырып, қаланың санитарлық тазалығын сақтау жөнінде тұрғындар мен түсіндіру жұмыстарын жүргізу, қаланың кескін-келбетін көркейту бағытында жоспарланған шараларды жіті қадағалау жөнінде ұсыныстар айтылды.