Сарысу аудандық мәслихатының кезектен тыс сессиясы өтті

Сарысу аудандық мәслихатының кезектен тыс сессиясы өтті

Бүгін Сегізінші шақырылған Сарысу аудандық мәслихатының кезектен тыс 41-ші сессиясы өтті.

Сессия жұмысына Сарысу ауданы әкімінің орынбасары Нұрлан Молдабеков, Жаңатас қаласы мен ауылдық округ әкімдері, аудан әкімдігінің бөлімдері және тиісті мекеме, кәсіпорын басшылары, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері қатысты.

Сарысу аудандық мәслихатының төрағасы Шаттық Мұсабековтың төрағалығымен өткен аудандық мәслихаттың кезекті сессияның күн тәртібіне: Сарысу аудандық мәслихатының 2024 жылғы 26 желтоқсандағы                         «2025-2027 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» №36-2 шешіміне өзгерістер енгізу туралы мәселе ұсынылды. Аталған мәселе бірлескен тұрақты комиссиялардың отырысында тыңдалып, жан-жақты талқыланды.

Күн тәртібіндегі мәселеге сәйкес аудандық мәслихат депутаттары сауалдарын қойды. Мәслихат төрағасы Шаттық Мұсабеков, мәслихат депутаты Бауыржан Балғабай Саудакент ауылындағы бірқатар орталық көшелерге жаяу жүргіншілер жолын салу мәселесі бойынша аяғына дейін жеткізу қажеттігін айтты. Сонымен қатар, мәслихат депутаты Бауыржан Балғабай Жаңатас қаласындағы шағын аудандардағы бірқатар көпқабатты тұрғын үйлердің маңына балалар ойын алаңшаларын орнату жөнінде ұсыныс білдірді. Сондай-ақ, Жайылма ауылдық округінің әкімі округтің бірқатар елді мекендерінде ауыз су жүйесін жаңғырту бойынша мәселелерді көтерді. Бұл мәселе бойынша мәслихат төрағасы Шаттық Мұсабеков №11 сайлау округінің депутаты Қалдыбек Дүзкеновке құзырлы мекемелер, мәслихат депутаттарымен бірлесе бақылауға алу қажеттігін жеткізді.              

         Көтерілген сұрақтар бойынша баяндамашы және тиісті мекеме басшыларының, ауылдық округ әкімдерінің тарапынан жауаптары берілді. Күн тәртібіндегі мәселе бойынша шешім жобасы қабылданды.