Есеп беру жиыны қорытындыланды

Есеп беру жиыны қорытындыланды

Сарысу ауданының әкімі Сакен Мамытовтың тұрғындар алдындағы қорытынды есеп беру жиыны ағымдағы жылы 25 шілде күні аудандық мәдениет үйінде өтті.

Жиынға Сарысу аудандық мәслихатының төрағасы Шаттық Мұсабеков,  сайлау округтерінің депутаттары, аудан әкімінің орынбасарлары, аудандық, қалалық ардагерлер, алқабилер кеңестерінің төрағалары, құқық қорғау органдарының өкілдері, мекеме басшылары мен Жаңатас қаласының тұрғындары қатысты.

Аудан әкімі кездесу барысында тұрғындарға ағымдағы жылдың жартыжылдығында әр сала бойынша атқарылған жұмыстар туралы ақпарат беріп, алдағы жоспарлар, қолға алынатын жұмыстармен таныстырды.  Қала тұрғындары өздерін толғандырған мәселе бойынша сауалдарын қойып, жауаптар алды.