Ветеринария саласының мамандары марапатталды

Ветеринария саласының мамандары марапатталды

Ауыл шаруашылығы саласындағы маңызды саланың бірі – мал шаруашылығы екені сөзсіз. Бұл сала халықты түрлі тағам өнімдерімен, жеңіл өнеркәсіпті құнды шикізатпен қамтамасыз етеді.

Экономиканың негізгі тірегі болып ауыл шаруашылығының дамуына ветеринария саласының маңызы зор. Бүгінде стратегиялық маңызы бар сала дамып келеді.

Ауданымыздың ветеринария саласының мамандары тұрғындардың денсаулығын сақтауға үлкен үлес қосып, мал шаруашылығы өнімдерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолында еңбек етіп келеді. Сала мамандары эпизоотиялық тұрақтытылықты сақтау мақсатында бар күш-жігерін аямай жұмыс атқарып, жауапкершілік жүгі салмақты салада аудан экономикасының дамуына сүбелі үлес қосуда.

Ағымдағы жылы 11 шілде күні Ветеринариялық қызметкер күні кәсіби мерекесіне орай аудандық әкімдікте іс шара өтті.

Шараға Сарысу ауданының әкімі Сакен Мамытов, Сарысу аудандық мәслихатының төрағасы Шаттық Мұсабеков, аудандық, қалалық ардагерлер кеңесі, аудандық алқабилер кеңесінің төрағалары, мекеме, кәсіпорын басшылары, мамандары қатысты.

Аудандық мәслихат төрағасы Шаттық Мұсабеков құттықтау сөз сөйлеп, ауданның су шаруашылығы жүйесінің дамуы мен қалыптасуына қосқан зор үлесі мен жемісті еңбегі үшін және кәсіби мерекеге орай бірқатар су шаруашылығы саласының мамандарын Сарысу ауданының Құрмет грамотасы және Сарысу аудандық мәслихатының Алғыс хатымен марапаттады.