Су - тіршілік нәрі. Ауданымызда негізгі экономикалық басымдылық берілген сала ауыл шаруашылығы өндірісі болғандықтан, су шаруашылығы саласы маңызды рөл атқарады.
Ағымдағы жылы 9 шілде күні Су шаруашылығы қызметкерлері күні кәсіби мерекесіне орай аудандық әкімдікте іс шара өтті.
Шараға Сарысу ауданының әкімі Сакен Мамытов, Сарысу аудандық мәслихатының төрағасы Шаттық Мұсабеков, қалалық ардагерлер кеңесі, аудандық алқабилер кеңесінің төрағалары, мекеме, кәсіпорын басшылары, мамандары қатысты.
Аудандық мәслихат төрағасы Шаттық Мұсабеков құттықтау сөз сөйлеп, ауданның су шаруашылығы жүйесінің дамуы мен қалыптасуына қосқан зор үлесі мен жемісті еңбегі үшін және кәсіби мерекеге орай бірқатар су шаруашылығы саласының мамандарын Сарысу ауданының Құрмет грамотасы және Сарысу аудандық мәслихатының Алғыс хатымен марапаттады.
Су саласын дамыту бағытындағы жарқын бастамаларда ауданның су шаруашылығы саласында табанды қызмет етіп, түрлі қиындықтарды еңсеріп шығуда мамандардың еңбегі зор. Ауданның тұрғындарына және шаруашылық құрылымдарға су жеткізу жұмысындағы сала мамандарының қажырлы еңбектері қашанда құрметке лайық.