Қоршаған ортаның тазалығына жауапкершілікпен қарау – әрбір азаматтың басты міндеті.
Ауданымыздың тазалығына үлес қосу – туған жерге деген қамқорлық болып табылады.
Тазалық жұмыстары - қоршаған ортаны таза ұстауға, экологиялық мәдениет қалыптастыруға және ауданның санитарлық жағдайын жақсартуға оң әсерін тигізеді.
Жаңатас қаласы мен ауылдық округтерде қоқыстан тазартып, абаттандыру және көгалдандыру бойынша жұмыстар белсенді атқарылуда.
«Жайнай бер - Жаңатасым» атты тазалық акциясы аясында, санитарлық тазалықты қамтамасыз ету мақсатында аудандық мәслихат аппаратының қызметкерлері атсалысып, тазалық жұмыстарын жүргізуде.
Белгіленген аймақ қоқыстан шығарылып, айналасы тазартылуда.