Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Гүлдара Нұрым ауданға жұмыс сапарымен келді.
Шараға аудан әкімінің орынбасары Жанғозы Жаркенов, аудандық мәслихат төрағасы Шаттық Мұсабеков, облыстық мәслихат депутаты Айтбала Жолмаханова, «AMANAT» партиясы аудандық филиалының төрағасы Мұратбек Есмұрзаев, мекеме басшылары қатысты.
Мәжіліс депутаты сапар барысында бірнеше әлеуметтік нысандардың жұмысымен танысты. Оның ішінде: Саудакент ауылдық емханасы, құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатқан Жаңатас қаласындағы «Болашақ» бөбекжай бақшасы, Жайылма ауылдық округі, күрделі жөндеуді қажет ететін Ұ.Сыздықбайұлы ауылындағы «Сарысу» орта мектебі. Гүлдара Алданышқызы нысандарды аралау барысында тұрғындардың көтерген ұсыныстары бойынша тиісті заңнама аясында оң шешімін табуына ықпал ететінін, бірқатар нысандар бойынша жүргізіліп жатқан күрделі жөндеу жұмыстарын сапалы аяқтау қажеттігін жеткізді.