Сарысу аудандық мәслихатының кезекті сессиясы өтті

Сарысу аудандық мәслихатының кезекті сессиясы өтті

2025 жылдың 30 маусым күні Сегізінші шақырылған Сарысу аудандық мәслихатының кезекті 40-шы сессиясы өтті.

Сессия жұмысына Сарысу ауданы әкімінің орынбасары Жанғозы Жаркенов, Жаңатас қаласы мен ауылдық округ әкімдері, аудан әкімдігінің бөлімдері және тиісті мекеме, кәсіпорын басшылары, БАҚ өкілдері қатысты.

Сарысу аудандық мәслихатының төрағасы Шаттық Мұсабековтың төрағалығымен өткен аудандық мәслихаттың кезекті сессияның күн тәртібіне: 2024 жылға арналған Сарысу аудандық бюджетінің атқарылуы жөнінде; Қоршаған ортаны қорғау мен табиғатты пайдалану бағытындағы атқарылып жатқан іс-шаралар туралы; Қамқалы, Тоғызкент, Досбол ауылдық округі әкімдерінің өздеріне жүктелген функциялары мен міндеттерін орындауы туралы есептері және бірқатар мәселелер ұсынылды.

Аталған мәселелер бірлескен тұрақты комиссиялардың отырысында тыңдалып, жан-жақты талқыланды.        

         Күн тәртібіндегі мәселелерге сәйкес аудандық мәслихат депутаттары сауалдарын қойды.

         Көтерілген сұрақтар бойынша аудан әкімінің орынбасары Жанғозы Жаркенов түсіндіріп, баяндамашылар және тиісті мекеме басшыларының, ауылдық округ әкімдерінің тарапынан жауаптары берілді. 

          Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша ұсыныстар тиісті шешім жобаларына енгізіліп, қабылданды.