
Бұқаралық спортты дамыту - мемлекетіміздің стратегиялық даму жоспарының басым бағыттарының бірі.
Шахмат ақыл-ой өрісті дамытатын спорт ойыны, шыдамдылық, өзі үшін күресе білуге, ойлау қабілетінің дамуына, білім сауаттылығына көп септігін тигізіп, зор ықпал етеді. Ой және сананың үйлесімді дамуы, уақытты ұтымды пайдалану, шешім таба білу сияқты қасиеттерді санаға орнықтырады. Әлемдегі кең таралған ойындардың бірі саналады.
Өткен аптада Түркістан қаласында шахматттан «Senat Open» екінші Ашық кубогының «Оңтүстік аймақ» жартылай финалы өтті. «Senat Open» еліміздегі ауқымды шахмат турнирі.
Турнирге Жамбыл, Қызылорда, Түркістан облыстары мен Шымкент қаласынан үздік ойыншылар қатысты. Барлығы өз өңірлерінде іріктеуден топ жарғандар. Араларында ардагерлер, мәслихат депутаттары, қоғамдық кеңестің мүшелері, мемлекеттік қызметшілер және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері болды. Ауданымыздан мәслихат депутаты Ғабит Искенов қатысты. Бұл турнир еліміздегі шахматтың танымалдығын арттырып, көптеген әуесқойларды біріктірді.