Мәслихаттың 2024 жылғы 18 сәуірдегі № 166 «Сарыкөл ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Мәслихаттың 2024 жылғы 18 сәуірдегі № 166 «Сарыкөл ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

жоба

 

Мәслихаттың 2024 жылғы 18 сәуірдегі № 166 «Сарыкөл ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы»

шешіміне өзгерістер енгізу туралы

 

          Сарыкөл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Мәслихаттың «Сарыкөл ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» 2024 жылғы 18 сәуірдегі № 166 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде              № 10184-10 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген шешімнің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«Сарыкөл ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен Қағидаларын бекіту туралы»;

көрсетілген шешімнің 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«Сарыкөл ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен Қағидалары осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.»;

көрсетілген шешім қосымшасының тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«Сарыкөл ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен Қағидалары»;

         көрсетілген шешім қосымшасының 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«4. Тұрғын үй көмегі кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жұмсалатын шығыстарды, коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуға, мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстарды төлеу сомасы мен көрсетілетін қызметті алушылардың осы мақсаттарға жұмсайтын шығыстарының шекті жол берілетін деңгейінің арасындағы айырма ретінде айқындалды.

Көрсетілетін қызметті алушының жиынтық кірісіне шығыстарының шекті жол берілетін деңгейі бес (5) процент мөлшерінде айқындалды.»;

көрсетілген шешім қосымшасының 7-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«7. Тұрғын үй көмегі көрсетілген қызметті алушыларға кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жеткізушілер ұсынған ай сайынғы жарналар туралы шоттарға және шығыстар сметасына сәйкес бюджет қаражаты есебінен көрсетіледі.

Тұрғын үй көмегінің мөлшерін көрсетілетін қызметті беруші Қағидалардың 4-1-тармағына сәйкес есептейді.».

  1. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.