Аудан әкімдігінің акт залында кәсіби мерекеге орай Сандықтау ауданының санитариялық-эпидемиологиялық қызметінің қызметкерлерін құрметтеу рәсімі өтті.
Сандықтау ауданының әкімі С. Құдабайдың атынан аудан әкімінің орынбасары Сәуле Жайылғанова ұжымды кәсіби мерекемен құттықтап, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығын қамтамасыз етуде сала мамандарының маңызды рөл атқаратынын атап өтті.
Сала ардагерлеріне көп жылғы еңбегі мен қызметтің дамуына қосқан үлесі үшін ерекше алғыс білдірілді.
Іс-шара барысында бірқатар қызметкерге адал еңбегі және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығын қамтамасыз етуге қосқан елеулі үлесі үшін Алғыс хаттар табысталды.