Бүгін Сандықтау ауданында аудан әкімі Серік Құдабайдың төрағалығымен аппараттық кеңес өтті.
Кеңес барысында 2026 жылдың бірінші жартыжылдығындағы ауданның әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары, аудандық бюджеттің кірістер мен шығыстар бойынша орындалуы, мал шаруашылығын дамыту және ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу, сондай-ақ инвестиция тарту бойынша қабылданып жатқан шаралар қаралды.
Кеңес қорытындысы бойынша аудан әкімі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштердің оң серпінін сақтауды қамтамасыз етуді және қойылған міндеттердің орындалуына бақылауды күшейтуді тапсырды.
Сондай-ақ жеке тұрғын үй құрылысын іске асыру, өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету және шомылу маусымы кезеңінде тұрғындардың қауіпсіздігін сақтау мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Бұдан бөлек, алдағы жылыту маусымына дайындық барысы қаралды. Тұрғын үйлер мен әлеуметтік сала нысандарының жылу жүйелерін қысыммен сынау жұмыстарын (опрессовка) уақытылы аяқтау, сондай-ақ барлық қажетті дайындық іс-шараларын сапалы орындау тапсырылды.