Сандықтау ауданының кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі қоғамдық кеңесінің отырысы.

Сандықтау ауданының кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі қоғамдық кеңесінің отырысы.

Бүгін Сандықтау ауданында кәсіпкерлікті дамыту және қолайлы бизнес ортаны қалыптастыру мәселелеріне арналған Қоғамдық кеңестің отырысы өтті.
Отырыс жұмысына Сандықтау ауданының әкімі Серік Құдабай, Сандықтау аудандық мәслихатының төрағасы Гүлнар Мұстафина, Сандықтау ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы басшысының міндетін атқарушы Ольга Кузнецова, аудан кәсіпкерлері және Қоғамдық кеңес мүшелері қатысты.
Ашық диалог форматында қатысушылар шағын және орта бизнесті дамыту, мемлекеттік органдар мен кәсіпкерлер қауымдастығы арасындағы өзара іс-қимылды нығайту, сондай-ақ ауданда қолайлы бизнес ахуалын қалыптастыруға бағытталған өзекті мәселелерді талқылады.
Мұндай кездесулер сындарлы пікір алмасуға, бірлескен шешімдер қабылдауға және Сандықтау ауданында кәсіпкерлікті одан әрі дамытуға ықпал ететін маңызды алаң болып табылады.