Сандықтау ауданы әкімдігінде аудан әкімі Серік Құдабайдың төрағалығымен аудандық бөлімдер, қызметтер мен мекемелер басшыларының қатысуымен аппараттық кеңес өтті.
Кеңес барысында ауданның ағымдағы жылдың бес айындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары, аудан әкімінің халықпен кездесулерінің нәтижелері, сондай-ақ ауданның дамуына қатысты өзекті мәселелер қаралды.
Кеңес қорытындысы бойынша алға қойылған міндеттерді одан әрі іске асыру, жол инфрақұрылымын дамыту, бейнебақылау камераларын орнату және «Ауыл аманаты» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру жөнінде тиісті тапсырмалар берілді.