2026 жылғы 29 маусымда Сандықтау аудандық мәслихатының төрайымы Г.С. Мұстафина Сандықтау ауданының әкімі Серік Құдабайдың Сандықтау және Ақсоран ауылдық округтерінің тұрғындарымен өткен есептік кездесулеріне қатысты.
Кездесулер барысында атқарылған жұмыстардың қорытындылары шығарылып, ауданды одан әрі дамыту жоспарлары таныстырылды. Сонымен қатар тұрғындар көтерген өзекті мәселелер қаралып, барлық өтініштер назарға алынып, олар бойынша тиісті тапсырмалар берілді.