Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күніне орай ауданның орталық алаңында Мемлекеттік Туды көтеру салтанаты өтті.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күніне орай ауданның орталық алаңында Мемлекеттік Туды көтеру салтанаты өтті.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күніне орай ауданның орталық алаңында Мемлекеттік Туды көтеру салтанаты өтті. Бұл рәсім еліміздің тәуелсіздігіне, бірлігіне және ұлттық құндылықтарына деген құрметтің айқын белгісіне айналды. Аудан тұрғындарын мерекемен аудан әкімі Серік Құдабай құттықтап, мемлекеттік рәміздердің патриотизм мен азаматтық жауапкершілікті нығайтудағы ерекше маңызын атап өтті.

Мерекелік бағдарлама аудандық Мәдениет үйінде қазақтың көрнекті сазгері Шәмші Қалдаяқовқа арналған концертпен жалғасты. Оның Отанға деген сүйіспеншілікке, ұлттық рух пен болмысқа толы тамаша туындылары көрермендерге ұмытылмас әсер сыйлап, мерекелік көңіл күй сыйлады.