28–30 мамыр аралығында Көкшетауда Ш. Уәлиханов атындағы университет базасында партиялық кадрлардың, жергілікті атқарушы органдар, мәслихаттар және азаматтық қоғам өкілдерінің басқарушылық дағдыларын дамытуға, кәсіби қайта даярлауға және тұлғалық өсуіне бағытталған AMANAT партиясының білім беру бағдарламасы өтуде.
Мұндай жобаларды жүзеге асыру — AMANAT партиясының білікті кадрлық резервті даярлау, мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру және мемлекет пен қоғам арасындағы өзара іс-қимылды нығайту бағытындағы жүйелі жұмысының бір бөлігі.
Оқу барысында қатысушылар көшбасшылық, өңірлік даму, бюджеттік жоспарлау, салық салу, коммуникациялар және қоғамдық-саяси үдерістер салаларындағы заманауи тәсілдерді меңгеруде. Сонымен қатар стратегиялық ойлауды дамытуға, басқарушылық шешімдерді тиімді қабылдауға және халықпен ашық диалог орнатуға ерекше назар аударылуда.
Білім беру бағдарламасының спикерлерінің бірі — экономика ғылымдарының кандидаты, әлеуметтік және басқару салаларында мол тәжірибесі бар мемлекет және қоғам қайраткері Тамара Дүйсенова. Осындай деңгейдегі сарапшылардың қатысуы бағдарламаға ерекше тәжірибелік маңыз бен мазмұн береді.
Оқытудың тәжірибеге бағытталған форматы қатысушыларға кәсіби құзыреттер деңгейін арттырып қана қоймай, өңірлерде бастамалар мен жобаларды жүзеге асыруға арналған тиімді құралдарды меңгеруге мүмкіндік береді. Мұндай білім беру алаңдары өңірлердің дамуына, мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыруға және азаматтардың мемлекеттік институттарға деген сенімін нығайтуға ықпал етеді.