Сандықтау ауданында Ақмола облыстық мәслихатының төрағасы Бейбіт Айтымұлы Жүсіповтің қатысуымен облыстық мәслихат депутаты Оразалин Марат Амангелдіұлының есептік кездесуі өтті.

Сандықтау ауданында Ақмола облыстық мәслихатының төрағасы Бейбіт Айтымұлы Жүсіповтің қатысуымен облыстық мәслихат депутаты Оразалин Марат Амангелдіұлының есептік кездесуі өтті.

Сандықтау ауданында Ақмола облыстық мәслихатының төрағасы Бейбіт Айтымұлы Жүсіповтің қатысуымен облыстық мәслихат депутаты Оразалин Марат Амангелдіұлының есептік кездесуі өтті. Іс-шараға аудандық мәслихат депутаттары, мемлекеттік мекемелердің, кәсіпорындар мен ұйымдардың басшылары, қоғамдық кеңес мүшелері, ардагерлер қауымдастығының өкілдері және аудандық мәслихат аппараты қатысты.
Кездесу барысында Ақмола облыстық мәслихатының депутаты Марат Амангелдіұлы Оразалиннің атқарған жұмыстары туралы мәселелер қаралды. Депутат өз сөзінде қатысушыларды іске асырылып жатқан бастамалар, сондай-ақ Сандықтау ауданындағы «АМАНАТ» партиясының сайлауалды бағдарламасы мен «Жол картасының» орындалу нәтижелері туралы хабардар етті. «Ардагерлерді ардақтайық», «Бақытты отбасы», «Таза Қазақстан» партиялық жобаларына қатысуға, халықты қолдау мәселелеріне, азаматтарды жеке қабылдау өткізуге, тұрғындармен өзара іс-қимыл жасауға және ауданның өзекті мәселелерін шешу жұмыстарына ерекше назар аударылды.
Қосымша баяндама жасаған Сандықтау аудандық ардагерлер кеңесінің төрайымы Бақытжамал Мұшанқызы Сейтжанова билік органдары мен қоғамның бірлескен жұмысының маңыздылығын, сондай-ақ ардагерлердің ауданның қоғамдық өміріне белсенді қатысуының мәнін атап өтті.
Кездесу аясында қатысушылар ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты бірқатар өзекті мәселелерді талқылап, пікірлерімен және ұсыныстарымен алмасты. Облыстық мәслихат төрағасы Бейбіт Айтымұлы Жүсіпов өңірдегі міндеттерді тиімді шешу үшін халықпен ашық диалог пен барлық деңгейдегі билік органдарының өзара іс-қимылының маңыздылығын ерекше атап өтті.
Сандықтау ауданының әкімі Серік Кенесарыұлы Құдабай кездесу қорытындысын шығарып, қатысушыларға сындарлы жұмыс пен маңызды мәселелерді талқылауға белсенді қатысқандары үшін алғысын білдірді.