Бүгін Сандықтау аудандық мәслихатының депутаттары Каменка ауылында еңбек ұжымдарымен кездесулер өткізді.

Бүгін Сандықтау аудандық мәслихатының депутаттары Каменка ауылында еңбек ұжымдарымен кездесулер өткізді.

Бүгін Сандықтау аудандық мәслихатының депутаттары Каменка ауылында еңбек ұжымдарымен кездесулер өткізді. Кездесулер барысында Каменка жалпы білім беретін мектебінің ұжымы, мемлекеттік қызметшілер, сондай-ақ агротехникалық колледж ұжымы қамтылды.
Кездесулер аясында депутаттар өткен кезеңдегі атқарылған жұмыстар бойынша есеп беріп, «AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасының іске асырылуы және Сандықтау ауданы бойынша Жол картасының орындалуы туралы ақпарат берді. Әлеуметтік-экономикалық даму, ауылдық елді мекендерді қолдау, сондай-ақ тұрғындарды алаңдататын өзекті мәселелерге ерекше назар аударылды.
Диалог барысында қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, ұсыныстарын енгізе алды. Барлық айтылған өтініштер жұмысқа алынып, депутаттық корпустың бақылауында.