
Экономика және қаржы бөлімі ұжымымен кездесу өтіп, жаңа Конституция жобасы талқыланды.
Құжат заңдылық, есеп берушілік және жауапкершілік қағидаттарын бекітеді. Халық — биліктің бірден-бір қайнар көзі екені, ал мемлекеттік органдар Конституция аясында ғана әрекет ететіні атап көрсетілген. Өкілеттіктерді қайта бөлу, Вице-Президент институтын енгізу және Құрылтайдың рөлін күшейту көзделген.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы талаптар күшейтіліп, заңның кері күші болмайтыны қағидаты бекітіледі, саяси тұрақтылықты арттыру қамтамасыз етіледі.
Жаңа Конституция — жүйелі, болжамды және тиімді мемлекеттік басқаруға көшу қадамы.