
ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Юлия Кучинская мен Айна Мусралимова жұмыс сапарымен Сандықтау ауданына барды.
Сапар барысында Каменка ауылындағы апатты көпір қаралды, оны қалпына келтіру және қаржыландыру мәселелері талқыланды, олар депутаттық бақылауға алынды. Аудан активімен және білім беру мекемелерінің өкілдерімен су тасқынына дайындық, аграрлық білім беруді дамыту, жатақхана салу, қауіпсіздік пен әлеуметтік инфрақұрылымды қамтамасыз ету мәселелері қаралды.
Депутаттар AMANAT партиясы бағдарламасы аясында Балкашино ауылында орталық қазандық құрылысының барысымен танысты, "ауыл аманаты" бағдарламасы бойынша іске асырылған шағын бизнес объектісіне барды, сондай-ақ "Жас Даурен"лагерінің ұжымымен кездесу өткізді.
Барлық көтерілген өтініштер бейінді мемлекеттік органдармен бірлесіп пысықталып, республикалық деңгейге шығарылады.