
Ақмола облыстық маслихатының сегізінші шақырылымының жиырма төртінші кезекті сессиясына қатыстым.
Отырыста өңірдің одан әрі дамуын айқындайтын бірқатар негізгі мәселелер қаралды. Атап айтқанда, 2026–2028 жылдарға арналған облыстық бюджет пен 2026–2030 жылдарға арналған облыстың әлеуметтік-экономикалық даму жоспары бекітілді.
Сонымен қатар, маслихаттың алдағы жылға арналған жұмыс жоспарлары мен ұйымдастырушылық мәселелері талқыланып, тұрақты комиссиялардың есептері тыңдалды.
Сессияның маңызы зор болды, себебі онда қабылданған шешімдер өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуын одан әрі күшейтуге бағытталған.