
Сандықтау аудандық мәслихатының депутаттары Ақмола облысының әкімі М.М. Ахметжановтың халықпен есептік кездесуіне қатысты.
Іс-шара барысында өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуының өткен кезеңдегі қорытындылары шығарылып, алдағы жылға арналған негізгі міндеттер айқындалды.
Кездесу соңында Ақмола облысының әкімі адал еңбегі мен қызметіне жауапкершілікпен қараған азаматтарға алғыс хаттар мен ақшалай сертификаттар табыстады.