
Құрметті жерлестер!
Сандықтау аудандық мәслихатының депутаттық корпусы Cіздерді Қазақстан Республикасы күні мерекесімен құттықтайды!
Бұл ұлттық келісім мен ұлттық бірліктің, елдің бүгіні мен болашағының ортақ кепілі. Ауданымыздың әрбір тұрғынын шын жүректен құттықтай отырып зор денсаулық, бейбітшілік, амандық тілейміз!
Біздің жүрегімізде туған үйдің жылуы ешқашан сөнбесін, туған жерге деген сүйіспеншілік бізді әрқашан республикамыздың өркендеуі үшін жаңа жетістіктерге шабыттандырсын!