Қарттар айлығын мерекелеу аясында біз, аудандық мәслихат депутаттары, үйге барып, аға буын өкілдерін құттықтап, шайға арналған сый-сыяпаттар табыс еттік.

Қарттар айлығын мерекелеу аясында біз, аудандық мәслихат депутаттары, үйге барып, аға буын өкілдерін құттықтап, шайға арналған сый-сыяпаттар табыс еттік.

 

Аға буын өкілдері – өздерінің баға жетпес тәжірибесі мен білімін бізге жеткізетін жандар. Олар жастарға үлгі болып, өскелең ұрпақтың тәрбиесіне белсене қатысады.

Құрметті «алтын жас» иелері!

Сіздерге еліміз бен қоғам игілігі үшін сіңірген көпжылдық адал еңбектеріңіз, өмірлік тәжірибелеріңіз, даналықтарыңыз, сенімділіктеріңіз, жауапкершіліктеріңіз, адамгершіліктеріңіз бен отаншылдықтарыңыз үшін шынайы алғыс пен құрмет білдіреміз.

Сіздерге мықты денсаулық, амандық, сергектік пен өмірге деген оптимизм, отбасыларыңызға береке мен жылулық тілейміз.

Әр күніңіз жақындарыңыздың қамқорлығы мен ықыласына толы болсын!