Сандықтау ауданы әкімінің орынбасары Сауле Жайылғанованың төрағалығымен әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның отырысы өтті.
Отырыс барысында балабақша ұйымдарының әкелік рөлді арттыру және отбасылық қатынастарды нығайту жөніндегі қызметі талқыланды. Сондай-ақ отбасы институтын дамыту және жастар арасында отбасылық құндылықтарды ілгерілету шаралары қарастырылды.
Отырыс қорытындысы бойынша тиісті шешімдер қабылданды.